Испания Королі VI Фелипе дүйсенбі, 16 қыркүйек күні Палестинаның бірінші елшісінің сенім грамотасын ресми түрде қабылдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мадридтегі Король сарайында 2022 жылдың мамыр айынан бері Палестинаның дипломатиялық өкілі міндетін атқарған Хусни Абдел Вахед дүйсенбі күні Испания Короліне Палестина елшісі ретінде сенім грамотаcын тапсырды.
Палестина елшісінің сенім грамотаcы Мысыр, Қатар, Аустралия, Парагвай және Перудің жаңа елшілері қатысқан ресми рәсімде қабылданды.
Палестинаның жаңа елшісі Хусни Абдел Вахед мұны алға басудағы тағы бір үлкен қадам деп атап, Испанияға көреген ұстанымы мен қолдауы үшін алғыс айтты. Елшінің айтуынша, Испания Үкіметі даналықты сақтап, бейбітшілік жолын таңдады.
1990 жылы Мадридте өткен бейбітшілік конференциясының келісімдерінен кейін Испания Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысты шешу үшін екі мемлекеттің қатар өмір сүруі туралы ұсынысты дәйекті түрде қолдады.
Ирландия, Норвегия және Испания Палестинаны 28 мамырда ресми түрде мемлекет деп танитынын мәлімдеді.
Газа секторында әскери қақтығыс басталғаннан бері Израиль армиясының шабуылдарынан 41 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Қаза тапқандардың көбісі — балалар мен әйелдер.



















