Eurasiatoday
Воскресенье, 29 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Қытай Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісіне үлес қосуға дайын

  • Азия, Басты жаңалықтар, Батыс Азия, Саясат
  • 23 июля, 2026 17:22

Loading

Қытай Таяу Шығыстағы  қақтығыстарды тоқтатуға және аймақтағы тұрақтылықты тезірек қалпына келтіруге үлес қосуға дайын.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қытайдың Ирандағы елшісі Цзун Пэйу ИРНА агенттігі жариялаған мақаласында мәлімдеді.

Елшінің мақаласы Қытай мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 55 жыл және екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жарияланғанына 10 жыл толуына орай жарық көрді.

Тақырыпқа орай:

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026

Елшінің айтуынша, Бейжің аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына мүдделі әрі дағдарыстарды саяси-дипломатиялық жолмен реттеу үдерісін қолдайды. Қытай дәстүрлі түрде әскери шиеленістің ушығуына қарсы және күш қолдану ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын үнемі атап көрсетеді. Таяу Шығыстағы тұрақтылық Қытай үшін тек саяси тұрғыдан ғана емес, экономикалық жағынан да маңызды.

Аймақ Қытай экономикасы үшін негізгі энергия ресурстары жеткізілетін маңызды өңірлердің бірі саналады. Сонымен қатар халықаралық сауданың елеулі бөлігі Таяу Шығыс арқылы өтетін теңіз бағыттарымен жүзеге асырылады.
Бейжіңді әсіресе Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазы маңындағы ахуал алаңдатады. Өйткені әскери шиеленістің ушығуы мұнай бағасының өсуіне, теңіз тасымалын сақтандыру құнының қымбаттауына және жаһандық жеткізу тізбектерінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Қытайдың аймақта дипломатиялық делдалдық тәжірибесі бар. 2023 жылы Бейжіңнің араағайындығымен Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы келісімге қол жеткізді.

Бұл жетістік Қытай Халық Республикасының өңірдегі қарсылас тараптарды келіссөз үстеліне отырғыза алатын ықпалды дипломатиялық ойыншы ретіндегі беделін нығайтты. Алайда қазіргі дағдарыстарды реттеу көптеген өңірлік және сыртқы ойыншылардың қатысуын талап етеді.
Қытайдың Таяу Шығыстағы әскери-саяси ықпалы АҚШ-пен салыстырғанда шектеулі болғанымен, оның өңірдегі экономикалық ықпалы айтарлықтай. Сонымен қатар Бейжің Иранмен де, араб мемлекеттерімен де тұрақты байланыс орнатқан және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде халықаралық дипломатияда елеулі рөл атқарады.
Сондықтан Бейжіңнің сындарлы рөлі, ең алдымен, дипломатиялық кеңесулерді өткізуге, атысты тоқтату жөніндегі бастамаларды қолдауға, делдалдық күш-жігерге қатысуға және болашақ өңірлік қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру жөніндегі талқылауларға атсалысуға бағытталуы мүмкін.

Цзун Пэйудың мәлімдемесі Қытайдың Таяу Шығыста ірі сауда серіктесі ғана емес, сонымен қатар ауқымды соғыстың алдын алуға және энергетикалық бағыттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі дербес саяси ойыншы ретіндегі рөлін күшейтуге ұмтылып отырғанын көрсетеді.

Айта кетейік, Бейжің мен Тегеран арасындағы дипломатиялық қатынас 1971 жылы орнатылды. Ал 2016 жылы екі ел саясат, сауда, энергетика, көлік, инвестиция және мәдениет салаларын қамтитын жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатылғанын жариялады.
2021 жылы Қытай мен Иран 25 жылға арналған ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Аталған құжат «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Бейжің сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС құрамына кіруін қолдады. Қазіргі таңда екі ел екіжақты деңгейде ғана емес, сонымен қатар ірі халықаралық ұйымдар аясында да өзара ынтымақтастықты дамытып келеді.

Қытай Иран Ислам Республикасының негізгі сауда серіктестерінің бірі және оның энергетикалық ресурстарын сатып алатын маңызды мемлекет болып қала береді. Батыс санкциялары мен халықаралық қаржы жүйесіндегі шектеулер жағдайында бұл экономикалық байланыстар Тегеран үшін айрықша маңызға ие.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: БейбітшілікДелдалДипломатияЕлшіиранҚытайЦзун Пэйу
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026
Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

17.11.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Әл-Ақса мешітіне 2300-ден астам сионист басып кірді

Әл-Ақса мешітіне 2300-ден астам сионист басып кірді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.