Италияда наразылықтар жалғасып, халық сионистерге қатысы бар орталықтарға шабуыл жасауда.
Италияда екінші күн қатарынан көшедегі қақтығыстар жалғасып жатыр.
Елдің түрлі қаласында халық бағаның өсуі мен тұрмыс жағдайының нашарлауына байланысты наразылық білдіріп, күн сайын құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қақтығысуда.
Бұл — Италияның Болонья қаласы. Хабарларға сәйкес, наразылар дүкендер мен Израиль режиміне қатысы бар орталықтарға шабуыл жасап жатыр. Олардың айтуынша, қазіргі жағдайға Иранға қарсы соғыс тұтандырған сионистер кінәлі.
Куәгерлердің айтуынша, Италияның әртүрлі қаласында McDonald’s мейрамханалары мен сионистерге қатысы бар көптеген басқа дүкендер халықтың тікелей шабуылдарыныңнысанасына айналған. Осы уақытқа дейін олардың көптеген бөлімшелері өртелген көрінеді.
Алайда Италия халқы өз үкіметінің де Иранға қарсы соғысқа қатысы бар екенін білуі керек. Италиядағы АҚШ әскери базалары Иранға шабуыл жасауға арналған алаң ретінде қарастырылған.
Еуропадағы жағдай өте мүшкіл. Жанармай бағасының өсуі наразылықтардың бір себебі ғана болуы мүмкін. Халықтың тұрмыс жағдайы күрт нашарлап барады. Суық түскенде және энергия тапшылығы күшейгенде, әсіресе энергия бағасының қымбаттауына байланысты биыл ондаған мың, тіпті жүздеген мың еуропалық суықтан қаза табуы мүмкін деп күтуге болды. Биыл жазда да салқындатқыш құрылғылары болмағандықтан немесе электр энергиясына ақы төлеуге шамалары жетпегендіктен, ондаған мың еуропалық қайтыс болды.
Теміржол вокзалының жанында және Медалье д’Оро алаңында наразылардың бір тобы негізгі шеруден бөлініп шықты. Капюшон киген қатысушылар құқық қорғау органдарына қарай тас, түтін шашкаларын, шыны бөтелкелер мен қоршауларды лақтырып, жалға берілетін велосипедтерді аударып тастады.
Полиция су атқыштар мен көзді жасаурататын газ қолданды, содан кейін наразылық орталық Индепенденца көшесіне ауысты.
Euronews телеарнасының мәліметі бойынша, Болоньяда 7 адам ұсталды.












