Ислам Ынтымақтастығы ұйымы мәлімдеме жариялап, Фиджи Президенті Ситивени Рабуканың басып алынған Құдыста осы елдің елшілігін ашуына қатысты шешімін қатаң айыптады.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы мәлімдемеде: «Бұл Заңсыз шешім арандатушылық әрекет және халықаралық заңдар мен БҰҰның осы тұрғыдағы барлық қарарына әшкере қайшы.
Құдыс қаласы халықаралық барлық заңды қарарға сәйкес, 1964 жылы басып алынған Палестина жерінің бір бөлігі болған. Фиджи Үкіметі осы заңсыз шешімінен бас тартуы керек», — деді.
ИРНА агенттігінің мәліметі бойынша Палестина исламдық қарсыласуы (ХАМАС) та мұның алдындағы бір мәлімдемесінде Фиджи президентінің басып алынған Құдыста осы ел елшілігін ашу шешімін қатаң айыптаған болатын.
ХАМАС осы мәлімдемеде бұл әрекет Палестина халқының өз жерлеріндегі құқығына әшкере шабуыл және халықаралық заңдар мен Құдысты палестиналықтардың басып алынған жері санайтын БҰҰның қарарларын айқын түрде бұзу деп санайтынын баса айтты.
Осы қозғалыс сонымен қатар Фиджи Үкіметінен осы заңсыз шешімінен дереу қайтуды сұрады. Себебі мұндай әрекет бұл елді сионистік режимнің қасына қойып, осы режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстары мен басқыншылықтарына сыбайлас етеді.
ХАМАС мәлімемесінің соңында Фиджиды әділет құндылықтары мен адам құқығына табандылық танытып, Палестина халқын өз тағдырларын анықтау құқығын қолдап, астанасы Құдыс болатын Палестина тәуелсіз мемлекетін құруда жақтауды сұрады.
Фиджи республикасы — Жаңа Зеландияның солтүстігіндегі6 Тыных мұхитының оңтүстігіндегі Меланезия аймағындағы арал.
Фиджи — 330 арал мен 500-ге жуық ұсақ аралдан тұратын архипелаг. Олардың 110-ға жуық аралын адамдар тұрақты тұрғындар мекендейді.















