Израиль премьер-министрі аймақта ешбір елдің F-35 қырғи ұшағына қол жеткізуіне жол бермейтінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху осы режимнің әуедегі басымдығын оның қауіпсіздігінің негізі деп атап, Тель-Авив аймақ елдеріне F-35 қырғи ұшақтарының сатылуына тосқауыл жасайтынын мәлімдеді.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху кеше сәрсенбі күні Хацарим базасында осы режимнің әуе күштері ұшқыштарының жаңа тобының оқу бітіру рәсімінде сөз сөйлеп, Израильдің Таяу Шығыстағы әуедегі басымдығының маңызына тоқталып, осы режим АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтарын аймақ елдеріне сатуға жол бермейтінін мәлімдеді. Ол әуедегі артықшылыққа ұшқыштардың еңбегі мен әлемдегі ең күшті кеметасығыштар мен ұшақтардың көмегімен қол жеткізілгенін, оны әлсіреткісі келген адамды тоқтататындарын қуаттады.
Нетаньяху F-35 қырғи ұшағын сатып алуды көздеп жүрген Түркия, Арабстан мен Әмірлікке тұспалдап сілтеме жасап, Израильдің ешбір елдің осы техниканы қолдануына, аймақтағы теңгерімнің бұзылуына жол бермейтінін айтты.
Нетаньяхудың сөзі «сапалық әскери басымдық» деген ескі доктринаға негізделген. Америка Үкіметі міндеттеме негізінде әрдайым Таяу Шығыстағы қару-жарақ теңгерімінде сионистік режимнің аймақтың басқа елдерінің алдында әуе басымдығын сақтауына әрдайым күш салады.
Израиль режимі осы басымдыққа арқа сүйеп, Әмірліктің тәжірибесін қайталамауға тырысады.
Әмірлік 2021 жылының соңында Тель-Авивпен қарым-қатынасын қалпына келтіргеніне қарамастан израильдік лоббилердің қысымына байланысты Америкадан F-35 қырғи ұшағын сатып алу лицензиясынан қағылғандықтан бұл мәміле іс жүзінде тоқтады.
Жаңа мәліметтерде Сауд Арабиясы Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтірудің негізгі шарттарының бірі ретінде осы жойғыш ұшақты сатып алуды атағаны, Түркияның да бұл жобаға қайта оралуға тырысып жатқаны айтылады.












