Ресейлік сарапшы Владимир Сажин Израиль аймақтағы қақтығыстың ықтимал өршуіне дайындалуда деген ойда.
Еуразия Тудейдің Известия басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сарапшы Владимир Сажиннің пікірінше, Израиль Иранға алдын алатын соққы беруді қарастыруда.
Владимир Сажин: «Соққы мүмкіндігін жоққа шығару қиын. Израильдің ХАМАС ұйымының жетекшісі Исмаил Ханияны өлтірудегі әрекетіне Иранның жауабы бүгін, мүмкін ертең немесе бір аптадан кейін берілуі ықтимал. Иран басшылығы атап өткендей, бұған дайындық қажет, себебі бұл үлкен шабуыл болады. Израильдің Иранға алдын-алатын соққы беру ықтималдығы төмен. Екі мемлекет те қақтығысты кеңейтуге және оны кең ауқымды соғысқа айналдыруға мүдделі емес. Сондықтан Израиль қандай да бір профилактикалық соққы жасайды деп ойламаймын»,-деді.
Сондай-ақ, сарапшы АҚШ-тың да қақтығысты кеңейтуге мүдделі емес екенін айтады. ХАМАС ұйымының жетекшісі Исмаил Хания мен оның оққағарларының бірі шілденің 31 күні Иран астанасында жасалған шабуыл кезінде көз жұмғаннан кейін АҚШ делдалдар арқылы Израильді де, Иранды да жағдайды ушықтырмауға шақырды.
Сарапшының айтуынша, АҚШ Тегеран жақын арада еврей мемлекетіне превентивті соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеп, әскери кемелерді аймаққа жіберіп үлгерді.
Аймақтағы шиеленіс 30 шілдеде Израиль Бейрутқа соққы беріп, Хезболла командирлерінің бірі Фуад Мохсен Шукрді өлтіргеннен кейін өрши түсті. Израиль бұл әрекетін 12 адамның өмірін қиған Голан жотасындағы Мадждаль Шамс қаласына жасалған соққының орындалуына Шукрдің жауапты болғанымен түсіндірді.
Келесі күні Тегеранда ХАМАС ұйымының жетекшісі Исмаил Хания мен оның оққағарларының бірі өлтірілді. Исмаил Хания Иранның жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианның инаугурациясына қатысу үшін Тегеранға барған болатын. Аймақтағы ахуалдың өршуіне алаңдаушылық танытқан әлем елдері өз азаматтарын Ливаннан дереу кетуге шақыруда.


















