Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Израиль Иранға шабуыл жасады

  • ТОП жаңалықтар
  • 8 июня, 2026 10:33

Loading

Израиль әскери-әуе күштері Иран астанасы Тегеран мен осы елдің батысындағы нысандарға соққы берді.

Еуразия Тудейдің хабарлауынша, сионистік режимнің лаңкес армиясы Тегеран мен Иранның батысындағы бірқатар нысанға шабуыл жасады.

Кейбір дереккөздері сионистік режимнің Тегеран, Исфаһан, Табриз бен Иранның батысындағы басқа да мекендердегі нысандарға соққы жасалғанын хабарлауда. Сондай-ақ, Караж қаласы жақтан да жарылыс дыбыстары естілген.

Тақырыпқа орай:

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Һузестан останы әкімінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп жөніндегі орынбасары Уәлиолла Хаяти сионистік дұшпанның Маһшаһрдағы «Карун» мұнай-химия компаниясына әуеден шабуыл жасағанын хабарлады.

Исфаһан останы әкімінің орынбасары да бүгін дүйсенбі күні таңертең Наджафабад қаласындағы бір нысанға сионистік режим шабуыл жасағанын, қуанышқа орай ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады.

Израиль армиясы Иранға шабуыл жасағанын ресми түрде мойындап, әскери-әуе күштері Иранның батыс және орталық аймақтарындағы Иран Ислам Республикасына қарасты бірқатар нысан мен әскери нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Ақ үй өз мәлімдемесінде «Америка Құрама Штаттары Израильдің Иранға жасаған шабуылына қатысқан жоқ» деп ресми түрде мәлімдеме жасағаннан бірнеше сағат өтпей-ақ, Бениямин Нетаньяхуға жақын «Исраэль Хайом» газеті Вашингтонның өтірігін әшкере етті.

Аталған ақпарат көзі бүгін, дүйсенбі күні таңертең израильдік сенімді дереккөзіне сілтеме жасап, Израиль Иранға шабуылды Америка Құрама Штаттарымен алдын ала келісіп жасағанын әшкереледі.

«Фарс» агенттігінің мәліметінше, кеше түнде, сионистік режимнің Ливанның оңтүстігіне жасаған шабуылынан бірнеше сағат өткен соң, Ислам Республикасының Қарулы Күштері басып алынған аумақтарды зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен нысанаға алды.

Иврит тілді бұқаралық ақпарат құралдары Израильдің Иран тарапынан болатын зымырандық шұғыл жауапқа дайындалып жатқанын хабарлады.

Басып алынған аумақтарда жалпыұлттық дайындық режимі жариялануымен бір уақытта Израильде мектептер де жабылды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, сионистер басып алынған жерлерде жоғары деңгейдегі қауіп пен әскери дайындық жағдайында тұр.

Еске салайық, бұл биыл сәуірдің 7 күні Иран мен АҚШ және Израиль арасында жасалып, кейін алпыс күнге ұзартылған атысты тоқтату бітімінің алғаш рет бұзылуы емес. АҚШ мен сионистік режимнің әуе ғарыш күштері Ормұз бұғазында  әртүрлі сылтаумен зымыран мен снарядтар арқылы атыс ашып, онсыз да әлсіз бітімді сан рет бұзды.

Израиль Иранмен арадағы атысты тоқтату бітімін бұзып, шабуыл жасағаннан кейін Иран қарымта әрекетте басып алынған жерлерге зымыранмен соққы жасады.

Ақпарат көздері бұл зымыранның Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Наблус қаласында орналасқан сионистік Итамар елді мекеніне құлағанын мәлімдеді.

Кеше жексенбі күні түнгі сағат 22:35-те сионистік режимнің бұқаралық ақпарат құралдары басып алынған аумақтарда дабыл қағылып, Израильдің кейбір аймақтарына зымыранмен соққы жасалғанын хабарлады.

Иран қарулы күштерінің қоғамдық байланыс бөлімі Израильдің «Рамат Давид» әуе базасына баллистикалық зымырандар атылғанын мәлімдеді.

Бұл шабуылдар әдепкіде басқыншы сионистік режимнің Ливанның оңтүстігінде жасаған ауқымды қылмыстарына, сондай-ақ Сур, Набатия және басқа да аймақтардағы, соның ішінде Бейруттің Дахия ауданындағы жазықсыз халықты жаппай қырып-жойып, босқынға айналдырғанына жауап ретінде жасалды.

Алайда Израиль кеше және бүгін Иран астанасы Тегеран мен осы елдің басқа өңірлеріндегі әскери нысандарға зымыранмен шабуыл жасағаннан кейін Иран «Шынайы уәде-5» операциясын жүзеге асырып, басып алынған аумақтарға зымыран атқылады.

Иран қолбасшылығы Израильге бұл операцияның бір реттік шара емес екенін, алдағы жеті күн бойы дұшпанның беті қайтып, қылмыстарын тоқтатқанға дейін тәулік бойы зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылатынынын, Иран аумағына жасалған кез келген соққыға жойқын әрі есеңгірететін жауап берілетінін баса айтты.

Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның Израильге жасаған зымыран шабуылдарына алғашқы реакцияда Нетаньяхудан Иранға жауап бермеуді сұрайтынын айтып: “Иранға айтарым: сендер өз зымырандарыңды ұшырдыңдар, осы жеткілікті», — деді.

Трамп Иранның бұл жойқын жауабынан және сионистік режимге қарсы қоқан-лоқыларын іс жүзінде асырғанынан қорыққанын байқататын рай танытып, Ираннан тек осы зымырандық шабуылдармен шектелуді өтінді.

Еске салайық, бұл — АҚШ мен атысты тоқтату бітімі орнатылғаннан бергі Иранның алғашқы қарымта әрекетке баруы.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

20.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
ҰҚШҰ  — БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі маңызды стратегиялық серіктесі

ҰҚШҰ  — БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі маңызды стратегиялық серіктесі

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Уақытша бітімді бұзу қарымта әрекетке негіз бола алады   

Уақытша бітімді бұзу қарымта әрекетке негіз бола алады  

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.