Егер уақытша бітімді халықаралық міндеттеме саналса, оны бұзу зардап шеккен мемлекет тарапынан қарымта әрекетке негіз болуы мүмкін.
Еуразия Тудейдің Меһр агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы ирандық жоғары санатты адвокат әрі университет профессоры Камал Рауф мәлімдеді.
Профессор Камал Рауф БҰҰ Халықаралық құқық комиссиясының ережелеріне сілтеме жасап, егер атысты тоқтату бітімі халықаралық міндеттеме саналса, оны бұзу зардап шеккен мемлекет тарапынан қарымта әрекетке негіз болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Иран мен АҚШ арасында уақытша бітім орнатылған жағдайда соңғы күндері тараптар арасында өзара атыс пен қарымта шабуылдар жасалды. Халықаралық құқық саласының кейбір сарапшыларының пікірінше, бұл жағдай халықаралық қатынаста сирек кездесетін әрі ойлануды қажет ететін жағдай саналады.
Жоғары санатты адвокат әрі университет профессоры Камал Рауф осы күндері болып жатқан оқиғаларға тоқталып: «АҚШ атысты бітім шарттарын бірнеше рет бұзғанына қарамастан, осы елдің ресми тұлғалары жасалған қадамдар бітімді бұзуды білдірмейтіні туралы мәлімдемелерін тоқтатар емес, тіпті Иранның әскери жауаптарын да шектеулі операциялар шеңберінде бағалап отыр», — деді.
Ол сөзін жалғастырып: «Өткен күндері атысты тоқтату бітімі жарияланғанына қарамастан, аймақта Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен Америка әскери күштері арасында оқ атысы орын алды. Жарияланған есептерге сәйкес, Сақшылар корпусы Америка армиясының Орталық қолбасшылығының (СЕНТКОМ) Парсы шығанағы мен Бахрейндегі нысандарына соққы жасады. Америка тарапы бұл шабуылдардың болғанын растады.
Сондай-ақ, Иранның мұнай танкерінің нысанаға алынуы мен Ормұз бұғазындағы кейбір шектеу шараларына жауап ретінде Иран әскери қарымта әрекеттерге көшті. Бұл әрекеттер халықаралық құқық ережелері шеңберінде қарастырылуы тиіс», — деді.
Рауф халықаралық құқықтың мұндай жағдайлар үшін нақты тетіктерді жоспарлағанын айтып: «Иран әрекеттерінің ең маңызды құқықтық негіздерінің бірі — заңды қорғаныс, яғни өзін-өзі қорғау ұстанымы.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 жылы қабылдаған «шапқыншылықтың анықтамасы» қарарының 1-бабының 3-тармағына сәйкес, бір елді теңіз арқылы қоршауға алу басқыншылық әрекеттің белгісі ретінде саналу ықтимал және нысанаға алынған мемлекет заңды қорғаныс аясында сәйкес жауап қайтаруға құқылы.
Заңды қорғаныстан бөлек, халықаралық құқықта қарымта әрекет ұстанымы да қабылданған. Мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігі туралы баптар жобасының 49-бабына сәйкес, зардап шеккен мемлекет құқық бұзушы мемлекетті өз міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу үшін қарымта әрекеттерге бара алады», — деп баса айтты.
Камал Рауф БҰҰ Халықаралық құқық комиссиясының ережелеріне сілтеме жасап: «Егер уақытша бітімді халықаралық міндеттеме деп танысақ, оны бұзу зардап шеккен мемлекет тарапынан қарымта әрекетке негіз болуы мүмкін. Сондықтан халықаралық міндеттемелерді бұзуға қайтарылатын тең жауаптар халықаралық құқық жүйесінде қарастырылған және бұрын-соңды тәжірибеде болған.
Мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігі туралы баптар жобасының 49-дан 53-ке дейінгі баптары нақты осы қарымта әрекеттер мәселесіне арналған. Бұл ережелердің философиясы — құқық бұзушы мемлекетті өз міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу».
Ирандық заңгер Иран Ислам Республикасының ішкі заңдарына да тоқталып: «2017 жылы қабылданған «Американың аймақтағы адам құқықтарын бұзуына, авантюристік және лаңкестік әрекеттеріне қарсы тұру туралы» заң және оған енгізілген кейінгі түзетулер АҚШ-тың қасқындық әрекеттеріне қарсы тұру үшін қажет құқықтық шеңберлерді қарастырған», — деді.
Оның айтуынша, АҚШ тарапынан ИРСК-тің лаңкестік ұйым деп жариялануына қарсы қабылданған қарымта әрекет заңына сәйкес, АҚШ армиясының Орталық қолбасшылығы және соған қарайтын күштер Иранның ішкі құқығы тұрғысынан лаңкестік топтар қатарына қосылған.













