Израилдің ең ірі мұнай өңдеу орталығы Хайфа мұнай өңдеу зауыты Иран Қарулы Күштерінің зымырандық соққысына ұшырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша тәулігіне шамамен 200 мың баррель мұнай өңдеу қуатына ие, Израилдің ең ірі мұнай өңдеу орталығы, осы елдің ең маңызды энергетикалық инфрақұрылымдарының бірі және жанар-жағармай мен мұнай-химия өнімдерін жеткізудің негізгі торабы саналатын Хайфа мұнай өңдеу зауыты Иран Қарулы Күштерінің соққысына ұшырады.
Иран Қарулы күштері Ғарыш-әуе күштерінің қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметі бойынша, Америка мен сионистік режимнің Иранның мұнай-химия кәсіпорындарының біріне жасаған агрессиясына жауап ретінде бірнеше минут бұрын Хайфадағы дәл сондай өндіріс орындарына зымыранмен шабуыл жасалды.
Айта кетейік, Хайфа шығанағында орналасқан Хайфа мұнай өңдеу зауыты — Израилдегі ең ірі мұнай өңдеу және мұнай-химия кешені.
Тәулігіне шамамен 197 мың баррель шикі мұнай өңдеу қуатына ие бұл кешен Израилдің жалпы мұнай өңдеу әлеуетінің 60-65 пайызына дейінгі үлесін бақылап отыр. Басқаша айтқанда, Израилде тұтынылатын әрбір 10 литр жанармайдың шамамен 6 литрі тікелей немесе жанама түрде осы кешеннің өнімдеріне тәуелді.
Бұл зауыт жылына 72 миллион баррельден астам шикі мұнай өңдеу әқуатына ие.
Айта кетейік, бүгін Маһшахрдағы «Карун» мұнай-химия компаниясы сионистердің әуе шабуылына ұшырап, снарядтардың түсуі салдарынан оның бір бөлігіне зиян тиді.













