Иран мен Израиль арасындағы жағдай осы бағытта өрби берсе, сионистік режим Тегераннан атысты тоқтатуды сұрауға мәжбүр болады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы сионистік режимнің әскери және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі сарапшысы Йоси Мелман мәлімдеді.
Йоси Мелман кеше, жексенбі күні сионистік режимнің Иранға жасаған басқыншы әрі лаңкестік шабуылдарына пікір білдіріп: “Қысқа мерзімді эйфория болды. Жұма күні таңертең мен өзімнен “Бұл соғысты бастау керек пе еді? Әсіресе ирандықтарға қарсы?”,- деп сұрадым.
Сарапшы сионистік режимнің саяси және әскери басшылығына қаратып: “Мен шығындарды азайтып, Трамптың бұл ессіз әрекетті ақылға қонымды келісіммен тоқтатуы үшін оған жүгінуге кеңес беремін. Әйтпесе, біз түбінде атысты тоқтатуды өтінетін жағдайға тап боламыз. Сол кезде Иран бұл ұсыныстан бас тартып, қабылдамайтын болады”,- деді.
Айта кетейік, 13 маусым, жұмаға қараған түні Израиль Иран аумағына ауқымды әуе шабуылын жасады. Басқыншы режимнің мақсаты Иранның әскери нысандарын, ұшқышсыз ұшақтар мен зымыран тасығыштарды жасайтын орталықтарын және Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоймаларын, сондай-ақ Исфаһан мен Тегерандағы инфрақұрылымдарды нысанаға алу болды.
Шабуыл салдарынан Иранның бірқатар жоғары лауазымды әскери басшылары, ғалымдар мен бейбіт тұрғындар қаза тапты.



















