Сионистік режим полициясы ХАМАС қозғалысымен тұтқындарды айырбастауды талап еткен Құдстағы израильдік қоныстанушылардың шеруіне шабуыл жасап, бірқатар наразылық білдірушіні тұтқындады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сенбі, 4 қаңтар күні Израиль полициясы Газа секторында ХАМАС ұйымымен тұтқындармен алмасу туралы келісімге қол қоюды талап еткен Құдстағы қоныстанушылардың наразылығына шабуыл жасады.
Полиция наразыларды басып-жаншып, қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен шеруге қатысушылардың бірқатарын ұстап әкетті.
Наразылық шарасы палестиналық ХАМАС қозғалысы жұма күні Қатар астанасы Дохада сионистік режиммен жанама келіссөздерді қайта бастағанын жариялағаннан кейін орын алды.
ХАМАС: «Сионистік режим жүргізген геноцид пен этникалық тазартуды ескере отырып, қозғалыстың негізгі басымдықтары басқыншылықты тоқтату және өз халқын қорғау болып табылады», — деді.


















