Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Израиль үкіметі 1915 жылғы оқиғаларға қатысты саяси астарлы шешім арқылы палестиналықтарға қарсы қылмыстарын жасыруға тырысуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Министрлік Израильге палестиналықтарды жүйелі түрде қуғын-сүргінге ұшырату бойынша айып тағылып, Ғаза секторында геноцид жасады деген шағым негізінде Халықаралық сотта тергеу үдерісі басталғанын еске салды.
Түркия Сыртқы істер министрлігі Тель-Авивтің бұл әрекеттерін тарихи және құқықтық фактілерді мүлдем ескермей, бұрмалау деп атады.
Анкара бұл қадамды палестиналықтарға қарсы жасалған қылмыстарды тергеу аясында Халықаралық қылмыстық сот тарапынан тұтқындау ордері берілген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оның сыбайластары тап болған ауыр саяси тығырықтың салдары деп есептейді.



















