Израиль режимінің Газа қаласындағы мектепке шабуылы салдарынан бес адам ажал құшты.
Газа қаласының шығысындағы босқындарға арналған баспана ретінде қызмет ететін Фахд ас-Сабах мектебі Израиль армиясы ЦАХАЛ-дың шабуылдарының нысанасына айналды.
Мұнымен қатар Израиль әскери күштері орталық Газа секторындағы Әл-Баридж босқындар лагерінің солтүстігінде орналасқан Әбу Хажир аймағын да атқылады. Бұл басқыншылық әрекет сионистік режимнің Газа секторының оңтүстігіндегі палестиналық босқындардың шатырлы лагеріне қарсы жасаған қылмысының жалғасы болды.
Израиль режимінің ұшақтары Газа секторының оңтүстігіндегі палестиналық босқындар лагеріне шабуыл жасап, 3 адам қаза тауып, бес адам жараланды.












