Сионистік режимнің Әзербайжанда болуы көршілес елдерге үлкен қауіп төндіреді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Жоғарғы көшбасшысының Табриздегі Ашура корпусының өкілі Абдолрахим Сарайи мәлімдеді.
Абдолрахим Сарайи Әзербайжан Республикасында сионистік режимнің кең таралғаны мен ықпалына тоқталып, мұны “елдің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне елеулі қатер” деп атады.
Сарайи: “Сионистік режим Әзербайжан Республикасында кең ықпалға ие және үлкен әуежай салды. Мысалы, Хода Афарин ауданындағы Ашеғлу ауылына қарама-қарсы салынған әуежай мен Тель-Авив арасында күнделікті рейстер орындалады.
Бұл айқын да ашық байланыс сионистік режимнің Әзербайжан Республикасына толық үстемдігін көрсетеді”, — деді.
Сарайидың айтуынша, Әзербайжанда сионистік режимнің болуы аймақтағы тұрақсыздықты арттырып, көршілес елдерге үлкен қауіп төндіреді.
Ол жоғары лауазымды тұлғаларды осы мәселеге көбірек көңіл бөлуге шақырып: “Бұл ислам елдерінің жүйесі мен мүдделерін әлсірету жөніндегі америкалық және сионистік жоспарлардың жалғасы болып табылады”,- деді.
Табриздегі Ашура корпусының өкілі Абдолрахим Сарайи Иранның әрқашан өзінің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға мән беретінін және кез келген деструктивті әрекеттерге қарсы тұратынын баса айтты.
















