Израиль режимінің 23 маусым күні Тегерандағы Эвин түрмесіне жасаған шабуылы — заңсыз әрі айқын әскери қылмыс.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Human Rights Watch ұйымы кеше, бейсенбі күні жариялаған есебінде сионистік режимнің 23 маусым күні Тегерандағы Эвин түрмесіне жасаған шабуылын “заңсыз әрі айқын әскери қылмыс” деп атады.
Америкалық ұйымның веб-сайтында жарияланған баяндамада: “Режимнің соққылары Эвин түрме кешенінің түрлі бөлігіндегі бірнеше ғимаратқа тиді. Иран билігінің ресми мәліметі бойынша, Израильдің бұл шабуылы 80 адамның өліміне әкелді. Қаза тапқандар арасында тұтқындар мен олардың туыстары және түрме қызметкерлері бар”,- деп жазылған.
Сондай-ақ, баяндамада шабуыл жасалған кезде Эвин түрмесінде 1500-ден астам тұтқынның қамауда отырғаны айтылған. Сотталушылар мен олардың туыстарының кездесуі кезінде жасалған соққылар түрменің кездесу бөлмесіне, орталық ас үйіне, медициналық қызмет көрсету бөлмесі мен түрменің басқа да блоктарына қатты зақым келтірді.
Human Rights Watch ұйымының Таяу Шығыс бойынша директорының орынбасары Майкл Пейдж: “Израильдің халықаралық гуманитарлық құқықты бұза отырып Тегерандағы Эвин түрмесіне жасаған шабуылы салдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тауып, жараланды. Израильдің бұл шабуылдары анық әскери қылмыс болып табылады. Израильдің шабуылы Эвин түрмесі тұтқындарының өміріне үлкен қауіп төндірді”, -деді.

















