Сионистік режимнің Иранға қарсы шабуылдарынан төрт бала қаза тапты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Тегеран ауруханасының басшысы мәлімдеді.
Аурухана басшысы: “Өкінішке орай, жараланғандар арасында қаза тапқан үш, алты, төрт және бес жастағы төрт баланың мәйіті болды. Бұл шынымен де сионистік режим жасаған қылмыс пен кісі өлтірудің ең қатыгез және адамгершілікке жатпайтын түрі”, — деді.
Ол Тегеран провинциясындағы ауруханалар қазір шабуылдан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жатқанын, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар екенін айтты.
Айта кетейік, сионистік режим 13 маусымға қараған түні Иранға әуеден шабуыл жасады. Израиль үкіметі Иранның ядролық, азаматтық нысандары мен жоғары шенді әскери басшылары және ядролық ғылыммен айналысқан ғалымдарын нысанаға алды.
Шабуылдан кейін Иран Сыртқы істер министрлігі мен осы елдің діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи ресми мәлімдеме жасады.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі Израильдің Иранға соққы беруін БҰҰ жарғысын бұзу деп атап, Тегеран бұған жауап беруге құқылы екенін мәлімдеді.
Хаменеи халқына жолдауында Иран Қарулы күштеріне Израильдің соққыларына жауап беру еркіндігін беретінін айтты.
Сионистік режим, Иран, Шабуыл, Балалар
















