Иран Сыртқы істер министрі Сейіт Аббас Арақчи Израильдің Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылын әскери қылмыс деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Женеваға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Сейіт Аббас Арақчи БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесі отырысында: «Біз егемендігімізді қорғауда ерік жігерге иеміз Аумақтық тұтастығымыз бен егемендігімізді бар күшімізбен қорғаймыз. Біз әділетсіз агрессияға душар болдық. Біз Израиль мен оның жақтастарына жағдайды теріс көрсетуіне жол бере алмаймыз.
Израиль алдын ала ешқандай арандатусыз және халықаралық барлық заңды бұзып, Иранға қарсы агрессия жасады. Израильдің Иранға қарсы агрессиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын әшкере бұзу және адам құқығы қағидаттарына қарсы түйткіл болып табылады.
Израиль осы шабуылдарымен соғыс қылмысын, адамзатқа қарсы қылмыс жасады. Бұл әділетсіз соғысты кез келген түрде ақтау сол қылмысқа қатысу дегенді білдіреді» деді.
Ол халықаралық қауымдастыққа арнаған сөзінде: «1949 жылғы Женева конвенцияларының әр мүшесі осы конвенциялар бойынша өз міндеттерін, әсіресе, бірінші және үшінші жалпы баптар бойынша өз міндеттерін дұрыс орындауға міндетті.
Дипломатиялық процестің ортасында біздің елге шабуыл жасалды. Біз америкалықтармен бейбіт ядролық бағдарлама бойынша құрылған және пысықталған мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін 15 маусымда перспективалы келісімге келуіміз керек еді.
Бұл шабуыл дипломатияға жасалған опасыздық және халықаралық құқық негіздері мен Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесінде бұрын-соңды болмаған соққы болды.
Ашық айтуға рұқсат етіңіздер, егер адам құқықтары мен адамның қадір-қасиетін қорғау үшін соңғы сексен жылда жасаған барлық қымбат жүйелер мен тетіктер қолданылса, қазір шұғыл әрекет ететін уақыт келді. Әйтпесе Біріккен Ұлттар Ұйымына негізделген халықаралық құқықтың бүкіл жүйесі тозып, күйрейді.
Қазір адамзат өркениеті үшін тарихи сәт. Бүгін өркениетті бір елдің әділетсіз және агрессивті агрессияға ұшыраған уақыты.
Әлем, әрбір үкімет, әрбір мекеме және әрбір механизм ояу болып, қазір әрекет етіп, агрессорды тоқтатуға, жазасыздықты жоюға және біздің аймақта үздіксіз қылмыс жасап жатқан қылмыскерлерді қудалауға тиіс.
Бұл бар ғұмырын диалог пен дипломатияға арнаған, сонымен қатар Саддам режимі таңған соғысты басынан өткерген, сүйікті Отанын қалай қорғау керек екенін білетін соғыс ардагерінің үндеуі», — деді.
















