Израильдің Сомалилендті тану қадамы араб елдерін бөлшектеуге бағытталған жоспар аясындағы алғашқы әрекеті болып табылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, мұндай пікірді араб әлемінің сарапшысы Абдулбари Атван білдірді. Абдулбари Атван Тель-Авивтің Сомалилендті тану шешімінің астарында бес негізгі мақсат жатқанын айтты.
Оның айтуы бойынша, бұл жағдайда Сауд Арабиясы мен Мысыр аса ауыр әрі қауіпті қатердің алдында тұр.
Атван Rai Al Youm басылымында жарияланған мақаласында бұл туралы жан-жақты баяндады. Сарапшының бағалауы бойынша, сионистік режим Шығыс Жерорта теңізінен Африка мүйізіне дейінгі аймақтағы қауіпсіздік, логистикалық және энергетикалық хабтарды бақылау мақсатында өзара байланысты бес мақсат кешенін көздеп отыр.
Сарапшының пікірінше, бұл біріншіден, Израильдің жүздеген мың газалықты Сомалилендке көшіру жоспары. Осы тұрғыда сионистік режимнің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кабинеті Сомалиландтің сепаратистік жетекшісімен алдын ала жасырын кеңестер өткізген. Алынған ақпарат Газа тұрғындарын әуе және теңіз арқылы эвакуациялау жоспарының жүзеге асыруға дайын екенін көрсетеді.
Екіншіден, оккупациялық режим Баб-эль-Мандеб бұғазы мен Аден шығанағына еніп, онда әскери қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Араб теңізін, Қызыл теңіз және Батыс жағалаудағы аралдарды бақылау үшін әскери базалар құруға ұмтылады. Бұл Израиль басқыншыларына қарсы Қарсыласу майданына айналған Йеменге қарсы тұруға бағытталған.
Үшіншіден, Израильдің экспортының 85 пайызын құрайтын Азия мен Шығыс Африкаға шығатын теңіз сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Төртіншіден, Израильдің Суэц каналына бақылау орнатып, Мысыр билігін бопсалау мүмкіндігіне ие болуы.
Сондай-ақ, Сомалилендті мойындау есебінен әскери базалар арқылы Эфиопиядағы “Қайта өрлеу” бөгетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі.
Бесіншіден, араб елдерінің Ормуз бұғазы арқылы немесе Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Оман және Йемен порттарынан келетін барлық мұнай экспортына қауіп төндіруі.
Атванның түсіндіруінше, Израильдің Сомалилендті тану қадамы аумақтық тұтастық қағидатын әлсіретіп, бүкіл араб әлеміне жаңғырық болып таралуы мүмкін қауіпті қалыптастырады.
Сарапшының пікірінше, мұндай мақсаттардың қойылуының өзі Сауд Арабиясы мен Мысыр үшін тәуекелдер теңгерімін өзгертіп, негізгі теңіз дәліздеріндегі тұрақсыздықты күшейтеді.



















