Израильдің Ұлттық қауіпсіздік институты елдің жаңа стратегиялық доктринасының негізгі қағидаларын жариялады.
Израильдегі стратегиялық және әскери зерттеулермен айналысатын жетекші орталықтардың бірі — Израильдің Ұлттық қауіпсіздік институты (INSS) елдің жаңа стратегиялық доктринасының егжей-тегжейін жариялады.
АҚШ — «құлдырап бара жатқан держава».
Ақыр соңында АҚШ Израильден бас тартады. Сондықтан Вашингтоннан іргені аулақ салу — сөзсіз болатын үдеріс қана емес, Израильдің тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін қажет қадам.
Мемлекеттің еврейлік бірегейлігі демократиялық жүйеден жоғары қойылады. Бұл демократиялық құндылықтардың әлсіреуіне жеткізгенімен, еврейлік бірегейлік басымдыққа ие болады.
Араб елдерімен жасалған кез келген келісім уақытша әрі алдамшы сипатқа ие.
Израиль үшін бейбітшілік — стратегиялық мақсат емес, басқа мақсаттарға қол жеткізу құралы ғана. Мұндай ұстаным араб мемлекеттерінің басым бөлігі шынайы ұлттық мемлекеттер емес, жасанды құрылымдар деген израильдік көзқарасқа негізделген. Сондықтан Израиль оларды әлсіретіп, ыдыратуға ұмтылуы керек. Өйткені қуатты ұлттық мемлекеттермен салыстырғанда әлсіз әрі бір-бірінен бөлшектенген араб елдерімен жұмыс істеу оңайырақ.
Соғыс — Израиль үшін аулақ болуға тиіс төтенше жағдай емес, тұрақты қажеттілік. Тель-Авив үшін алдын алу соғыстары мен күтпеген соққылар Израильге шабуыл жасалғанша күтуден гөрі тиімдірек саналады.
Иордан өзенінің Батыс жағалауында, Ғаза секторында, Сирия мен Ливанның басып алынған аумақтарында еврей қоныстары мен «қауіпсіздік аймақтары» деп аталатын аумақтар құрылуы тиіс. Қоныстар араб елдерін әлсіретуге ықпал ететін шабуылдау құралдары ретінде де қарастырылады.
Израильдің Ұлттық қауіпсіздік институтының пайымдауынша, бұл қағидаттар ресми түрде жарияланбаса да, іс жүзінде Израильдің саясатын айқындап отыр.
Авторы: Институт директоры, Израильдің әскери барлау басқармасының (АМАН) бұрынғы басшысы генерал-майор Тамир Хайман
















