Израиль режимінің Газа халқына қарсы соғысының төрт жүз жиырма алтыншы күні ондаған палестиналық қаза тауып, елуге жуық адам жараланды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Израиль сәрсенбіге қараған түні Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласының батысында орналасқан Шейх Радван аймағындағы тұрғын үйлер мен әл-Маваси босқындар лагеріне шабуыл жасады.
Газа Азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, Израиль жойғыш ұшақтарының Газа секторының Шейх Радван аймағындағы тұрғын үйлерді бомбалауы салдарынан он палестиналық қаза тауып, елуден астам адам жараланған.
Мәліметтерге сәйкес, құтқару қызметі зардап шеккендерге көмек көрсету және қираған үйлердің үйінділері астынан қаза тапқандардың мәйіттерін іздеу жұмыстарын жалғастыруда.



















