Йемен Қарулы күштерінің ресми өкілі операция барысында америкалық әуе кемесіне шабуыл жасалып, F-18 ұшағын атып түсіргендерін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Йемен Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы бригада генералы Яхия Сари Палестинаның мазлұм халқын қорғау және Газа секторы мен Йеменге жасалған шабуылдарға жауап беру аясында елінің АҚШ-тың Harry S. Truman әуе кемесі мен бірнеше америкалық эсминецке соққы бергенін баса айтты.
Яхия Сари: “Бұл операция сегіз қанатты зымыран мен 17 ұшқышсыз ұшақтың көмегімен жүзеге асырылды. Эсминецтердің Йеменнің зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарына қарсы әрекеті кезінде бір америкалық F-18 жойғышы атып түсірілді. Операция нәтижесінде жау жауынгерлерінің көпшілігі Йеменнің әуе кеңістігін тастап, Йемен күштері тарапынан жойылу қаупі төнген өздерінің ұшақ тасығышын қорғау үшін Қызыл теңіз суларына бет алды”,- деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, Йемен Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы операция кезінде Йемен территориясына жасалған шабуылдарға тосқауыл қойылғанын және USS Harry S. Truman ұшақ тасығышына жасалған шабуылдан кейін қарсы тараптың Қызыл теңіздің солтүстігіне шегінгенін хабарлады.
Яхия Сари: “Йемен Қарулы күштері АҚШ пен Ұлыбританияның басқыншылығына қарсы тұру және оны бейтараптандырудағы жетістіктерін жариялап, болашақта АҚШ-Ұлыбритания-Израильдің кез келген әрекеттеріне қарсы тұруға дайын екендіктерін тағы растайды”,-деп баса айтты.
Сонымен қатар Сари Израиль және Америкаға Йеменге басып кіруіне ескерту жасап, Йемен Қарулы күштері өз елін қорғау құқығын толық пайдаланып, Газа секторын басып алудағы әрекеттері аяқталғанға дейін Палестина халқына қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.



















