Йемен қарулы күштері мен америкалық ұшақтасығыш арасындағы Қызыл теңіздегі қақтығыс бірнеше сағатқа созылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі Яхия Сари мәлімдеді.
Яхия Саридың айтуынша, Йемен қарулы күштері төртінші апта қатарынан АҚШ басқыншылығына қарсы тұрып, Қызыл теңіздегі америкалық әскери кемелерге соққы беруде.
Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі: “Соңғы бірнеше сағат ішінде Йеменнің зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелері елдің Әскери-теңіз күштерімен бірлесіп, Қызыл теңіздің солтүстік бөлігінде америкалық әскери кемелерге, соның ішінде “Truman” ұшақтасығышына шабуыл жасады» деді.
Сари америкалық кемелерге қанатты зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасалғанын хабарлады.
Сари: “Тағы бір операция кезінде Йемен қарулы күштері “Trumаn” ұшақтасығышын алып келе жатқан жеткізу және қолдау кемесіне баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады”, -деді.
Яхия Сари Йемен халқы, Йемен басшылары мен армиясы Газа секторына қарсы басқыншылық тоқтатылмайынша және оның қатыгез шектемесі толығымен жойылмайынша, Палестина халқына қолдау көрсету үшін өздерінің діни және моральдық міндеттерін орындауды жалғастыратынын баса айтты.



















