Eurasiatoday
Воскресенье, 29 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Йеменнің Сауд режиміне қарсы барынша қысым көрсету саясаты басталды

  • Басты жаңалықтар, Батыс Азия, Сараптама, Саясат, Экономика
  • 27 октября, 2026 16:54

Loading

Йемендік дереккөздерінің мәліметі бойынша, жексенбі күні басталған Сауд режиміне барынша қысым көрсету саясаты толық күшпен жалғасады.

Бұл дереккөздері жексенбі және дүйсенбі күндері Сауд режимі мен оның жалдамалыларының нысандарына қарсы 250-ден астам зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған кең ауқымды әрі бұрын-соңды болмаған шабуыл жасалғанын хабарлады. Олар осы режимнің тереңдегі нысандарына жасалған соққыларды қақтығыстар басталғаннан бері бұрын-соңды болмаған және Йеменнің осы режимге қарсы зымырандық шабуылдарының бүкіл кезеңімен салыстыруға келмейтін әрекеттер деп бағалады.

Айтуларынша, жексенбі және дүйсенбі күнгі шабуылдарда Эр-Рияд халықаралық әуежайына соққы беру үшін алғаш рет салмағы 1500 фунттық оқтұмсықтармен жабдықталған бар баллистикалық зымырандар қолданылған. Нәтижесінде бұрын-соңды болмаған ауыр шығынға әкелген.

Тақырыпқа орай:

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

28.11.2026

Санадағы хабардар дереккөздері Сана әуежайы қайта ашылып, жұмысын бастамайынша, Эр-Рияд халықаралық әуежайының жұмыс істеуіне рұқсат берілмейтінін мәлімдеді. Осы дереккөздерінің айтуынша, Эр-Рияд әуежайының жұмысын қайта бастау Әл Сауд әулетінің емес, Йемен армиясының қолында.

Бұдан басқа, Даммам мен Жидда әуежайларына жүйелі әрі үздіксіз шабуылдар жалғасып жатыр, ал Абха әуежайының жұмысы іс жүзінде тоқтатылған.

Йемендіктер Сауд режиміне Сананың талаптарын қабылдауды күн сайын кешіктіру жұмыс істеп тұрған басқа әуежайлардың жабылуына соқтыруы мүмкін екенін ескерткен. Олар Даммам мен Жидда әуежайларын да түпкілікті түрде жабуды көздеп отыр. Сондай-ақ, Эр-Риядтан батысқа қарай 400 шақырым жерде орналасқан Қасим әуежайына да зымыранмен шабуыл жасалғаны айтылуда. Саудиялықтар Эр-Рияд халықаралық әуежайын сол жерге көшіруді жоспарлаған болатын.

Олардың айтуынша, жексенбі және дүйсенбі күндері Хижаздың оңтүстігі мен басып алынған үш провинциядағы Сауд режимінің әскери және экономикалық орталықтарына жасалған шабуылдар осы режим әскери әлеуетінің маңызды бөлігінің жойылуына соқтырған.

Хамис-Мушайт әуе базасына осы екі күн ішінде 40-тан астам зымыран және 20-ға жуық жойғыш ұшқышсыз аппаратпен соққы жасалды. Соның салдарынан ауыр шығын келіп, бірнеше әуе техникасы, радиолокациялық жүйелер, оқ-дәрі қоймалары, жөндеу және техникалық қызмет көрсету ангарлары мен операциялық басқару бөлмелері жойылды.

Сауд режимінің Джизан провинциясындағы теңіз базасына жасалған шабуылда бірнеше кеме жойылды. Бұл кемелердің нақты түрі әзірге анықталған жоқ. Алайда олардың десанттық және жабдықтау кемелері болғаны айтылуда. Себебі саудиялықтар Қызыл теңіздегі әскери кемелерге соққы жасалуы мүмкін деп қауіптеніп, оларды ең солтүстікке, яғни Ақаба портына көшірген. Сондай-ақ, Наджран провинциясының ең шалғай бөлігінде орналасқан Әш-Шарура тікұшақ базасына ауыр шабуыл жасалды. Келтірілген шығынның көлемі туралы ақпарат жоқ.

Инфрақұрылымға жасалған шабуылдар туралы айтқанда, йемендік дереккөздері Батыстан Шығысқа қарай өтетін мұнай құбырының кемінде үш сорғы станциясына Мәдина қаласының солтүстігіндегі таулы аймақта соққы жасап, оларды іс жүзінде істен шығарғанын хабарлады. Осы дереккөздерінің мәліметі бойынша, соңғы жүз күнде Сауд режимінің мұнай нысандарына жасалған шабуылдар осы елге 100 миллиард доллар шығын келтірген.

Bloomberg агенттігі қазіргі қаржы дағдарысын басқару үшін Saudi Aramco компаниясының шетелден 10 миллиард доллар несие сұрағанын хабарлады.

Қорыта айтқанда, Йемен Қарулы күштерінің барынша қысым көрсету кезеңі басталды және оны өзара жауап қайтару кезеңінен өтті деп айтуға болады. Сауд режимінің соңғы 48 сағатта Йеменнің әртүрлі аймағындағы тұрғын аудандар мен қалалық инфрақұрылымға жасаған шабуылдары салдарынан барлығы әйелдер мен балалар болған 20 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы ондаған адам жараланды. Осы қылмыстар саяси басшылықтың әскери қолбасшыларға күйрете соққы беретін әрі ауыр зардап келтіретін операциялар жүргізуге толық еркіндік беруіне себеп болды.

Йемендік достардың айтуынша, бұдан да күрделі әрі ауыр шабуылдарға дайын болу керек.

Сауд режимі шындықты мойындап, қалыптасқан жағдайды қабылдағысы келмейді, сондай-ақ Йеменде шығынға батып жатқанын мойындамай отыр.

Бұл соғыс жалғасқан әрбір күн билеуші режим үшін жойқын әрі орны толмас шығынға айналуда. Сауд режимі қаншалықты төтеп беріп, ауыртпалыққа шыдай алатынын көру керек.

Бір айдан астам уақыт бойы әртүрлі аймақтардағы мектептер мен көптеген мекемелер жабық тұр, ал электр энергиясы өндірсінің азаюына байланысты өнеркәсіп орындарының едәуір бөлігі де жұмыстарын тоқтатқан.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
НАТО Украина арқылы әлемдегі әскери қауіпсіздікке қатер төндіруде

НАТО Украина арқылы әлемдегі әскери қауіпсіздікке қатер төндіруде

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
“Алғыс айту” күні — Американың байырғы халқын қырып-жою мерекесі

“Алғыс айту” күні — Американың байырғы халқын қырып-жою мерекесі

27.11.2026
Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

26.11.2026
Гилан останында ядролық сәулелендіру бойынша жаңа орталық ашылды

Гилан останында ядролық сәулелендіру бойынша жаңа орталық ашылды

26.11.2026
The Economist: Таяу Шығыста соғыс азаяды, бірақ шынайы бейбітшіліктің ауылы әлі алыс

The Economist: Таяу Шығыста соғыс азаяды, бірақ шынайы бейбітшіліктің ауылы әлі алыс

26.11.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммиті өтеді

Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммиті өтеді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.