ЮНЕСКО Украинаға мәдениет пен білім беруді дамыту үшін көмек беруге шешім қабылдады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Жапонияның қолдауымен Украинаға мәдениет пен білім беруді дамытуға 14,6 миллион доллар бөледі. Бұл туралы ЮНЕСКО сайтында хабарланды.
Осы мәліметке сәйкес, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле және ЮНЕСКО жанындағы Жапонияның тұрақты өкілі Такехиро Кано Украинаны қолдау үшін құны 14,6 миллион долларлық келісімге қол қойды.
Бұл қаражат Украинада мәдениет пен білім саласын және БАҚ-ты жандандыру мақсатында беріледі.
Сонымен қатар, ЮНЕСКО Украинада мәдени мұраға келтірілген зиянды бақылауды да күшейтуді көздеп отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы ЮНЕСКО 1945 жылы 16 қараша күні құрылды.
Ұйымның штаб-пәтері Франция астанасы Париж қаласында орналасқан. Ұйымның басты мақсаты – мемлекеттер арасында білім, ғылым, мәдениет салаларында өзара ынтымақтастықты нығайту.



















