Кабул аймақтық отырысы ақпан айында өтеді. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Азия департаментінің бас директоры Сейед Расул Мусави мәлімдеді.
Кz.eurasiatoday.ru агенттігінің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Кабулдың аймақтық отырысы ақпан айында Доха отырысына дейін өтеді.
Сейед Расул Мусавидің мәлімдеуінше, отырысқа Иран, Пәкістан, Ресей және Қытай өкілдері қатысады.
Сейед Расул Мусави пікірінше, іс-шараға Ауғанстанға көршілес елдердің қатысуы ауған халқының бейбітшілігіне, тұрақтылығы мен әл-ауқатына және аймақтағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударғанын білдіреді.
Сондай-ақ, Иран агенттігінің мәліметінше, Ауғанстан СІМ басшысы Амирхан Моттақи өткен аптада Кабулда Ресей, Қытай, Иран, Пәкістан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан, Үндістан, Түркия мен Индонезия елшілерімен кездесулер өткізді.
Амирхан Моттақи кездесулер барысында Ауғанстан мен аймақ елдері арасындағы дипломатиялық қатынастың ахуалына тоқталып, аймақ елдері Ауғанстанмен оң серіктестікті кеңейту және жалғастыру мақсатында аймақтық консультациялар жүргізуі қажеттігін атап өтті.
Еске сала кетсек, Қатардың Доха қаласында Ауғанстан мәселесі бойынша кездесу 18-19 ақпанда өтеді.












