АҚШ Конгрессінің заң шығарушылары Трамптың Иранға қарсы әскери өкілеттіктерін шектеуді көздейтін заң жобасын ұсынды.
АҚШ Өкілдер палатасының демократиялық көшбасшылары келесі аптада «Соғыс өкілеттіктері туралы қарарға» дауыс беретіндерін мәлімдеді.
Бұл шараның мақсаты — аймақта АҚШ күштерінің бұрын-соңды болмаған деңгейде күшеюімен бір мезгілде Дональд Трамптың Иранға қарсы әскери операция жүргізу мүмкіндігін шектеу.
Калифорниядан шыққа демократ конгрессмен Ро Канна мен Кентуккидің республикашыл конгрессмені Томас Масси екі партиялы түрде ұсынған қарар әкімшіліктің Иранға қарсы кез келген әскери әрекет алдында Конгресстің нақты мақұлдауын алуын талап етеді.
Заң жобасын қолдаушылар АҚШ Конституциясына сүйене отырып, соғыс жариялаудың айрықша құқығы Конгреске тиесілі екенін алға тартуда. АҚШ Өкілдер палатасындағы азшылық көшбасшысы Хаким Джеффрис өз мәлімдемесінде: «Әскери қызметшілеріміз үшін туындайтын қауіп-қатерлерді толық түсінбей тұрып, Таяу Шығыста өз еркімен соғыс бастау — жауапсыздық», — деп мәлімдеді.
















