Куба 65 жылдан кейін Оңтүстік Кореямен дипломатиялық қарым-қатынасын қалпына келтіргенін жариялады.
Куба Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, 2024 жылғы 14 ақпанда Куба мен Оңтүстік Корея арасындағы консулдық және дипломатиялық қарым-қатынастың қалпына келтірілгенін хабарлады.
Екі ел Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы өкілдіктері арасында дипломатиялық ноталармен алмасу арқылы қарым-қатынасты қалпына келтірді.
Мәлімдемеге сәйкес, екі ел арасындағы ресми қатынас орнату Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, халықаралық құқықтың мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес және 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясында баяндалған рух пен нормаларға сәйкес жүзеге асырылды.
Сеул мен Гавана арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас алғаш рет 1949 жылы орнатылды. Бірақ 1959 жылы Куба революциясының басталуымен және билікке Фидель Кастроның келуімен екі жақтың қарым-қатынасы үзіліп, Гавана Солтүстік Кореямен байланысты белсенді дамытты.
Мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Кореяның сол кездегі Сыртқы істер министрі 2016 жылы Кубаға барып, дипломатиялық байланыс орнатуға ниет білдірген.
Оңтүстік Кореяның «Йонхап» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Куба мен Оңтүстік Корея дипломатиялық қарым-қатынас орнату үшін жасырын келіссөздер жүргізген.
















