Кейбір араб арналары Сирия Үкіметінің қарсыластарына сілтеме жасап, лаңкестік топтардың Алеппо қаласының құлағаны туралы уәж айтуда.
Еуразия Тудейдің Меһр агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Al-Jazeera және Al-Arabya телеарналары Сирия Үкіметінің қарсыластарына қарасты дереккөздеріне сілтеме жасап, лаңкестік топтардың осы елдің солтүстік-батысындағы Алеппо қаласына енгені туралы хабарлады.
Аталған БАҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, лаңкестік топтар Сирия әскери күштерімен қақтығыстан кейін Алеппо қаласындағы Әл-Хамдание мен жаңа Алеппоға енгені туралы уәж айтқан.
Мұның алдында да Алеппоның маңындағы Сарақаб қаласының құлағаны туралы алып-қашты мәліметтер жарияланған болатын.
Осы дереккөзі сонымен қатар лаңкестердің Алеппоның халықаралық спорт стадионы мен университетін басып алғанын хабарлады.
Сирия Үкіметінің қарсыластарына қарасты ақпарат құралдарында Алеппо қаласындағы Ар-Рашдин ауданына лаңкестердің енгені жайлы да суреттер жарияланды.
Бұл уәждер Сирия Үкіметі мен әскері оны растамаған және Алепподағы майдан дереккөзі Алеппоның әлі құламағанын, лаңкестер кейбір қалашықтарда жанкештілік шабуылдарын жүзеге асырып, қорғаныс бұғатын бұзғанын хабарлаған жағдайда айтылып жатыр.












