Еуропалық Одаққа мүше барлық ел Халықаралық қылмыстық сотты қолдап, оның ордерлерін, соның ішінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алу туралы ордерді орындауы тиіс.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі ресми өкілі Питер Стано мәлімдеді.
Еуропалық комиссия өкілі: “Рим статутын ратификациялаған барлық елдер, соның ішінде Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттері Халықаралық қылмыстық сот шығарған тұтқындау ордерлерін орындауға міндетті”, — деді.
Станоның айтуынша, Еуропалық Одақ және бірлестікке мүше мемлекеттер Халықаралық қылмыстық сот төрелігі мен жазасыздыққа қарсы күреске берік.
Питер Стано: “Біз Халықаралық қылмыстық сот және Рим статутында белгіленген қағидаттарды қолдаймыз”, — деп баса айтты.
Айта кетейік, Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху мен Галантты тұтқындауға ордер берді. Олар Газа секторында қылмыс жасады деп айыпталды.



















