Сирияның қарулы күштері Ресей Федерациясының Әуе-ғарыш күштерінің қолдауымен өткен тәулікте Алеппо және Идлиб провинцияларындағы Сирия әскерлерінің позицияларына шабуыл жасаған Джебхат ан-Нусра тобының 400-ден астам содырын жойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Сирия Араб Республикасындағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығы басшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Олег Игнасюк хабарлады.
Хабарламада: “27 қараша күні сағат 07:50-ден бастап Джебхат ан-Нусра лаңкестік ұйымымен байланысы бар заңсыз қарулы топтар Алеппо және Идлиб провинцияларында Сирия Үкіметінің бақылауындағы аумаққа шабуыл жасады.
Сирия армиясы Ресейдің Әуе-ғарыш күштерінің қолдауымен шайқасып жатыр. Өткен тәулікте шабуылдаушы лаңкестік ұйымдар техника мен жеке құрамда айтарлықтай шығынға ұшырады. Кемінде 400 содыр жойылды”,- деп жазылған.
Соңғы 24 сағат ішінде Идлиб деэскалация аймағында Сирия қарулы күштерінің позицияларына Джебхат ан-Нусра позицияларынан он үш шабуыл, оның он екісі Идлиб провинциясында, тағы біреуі Алеппо провинциясында тіркелген.
Игнатюктің айтуынша, соңғы тәулікте Ливан аумағынан Сирия шекарасын 3819 адам кесіп өткен. Сонымен қатар, Ресейдің Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру орталығының өкілдері Дараа провинциясында екі гуманитарлық акция өткізді. Шарада жалпы салмағы 9 тоннадан асатын 900 азық-түлік жиынтығы берілді.



















