Сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі өтпелі кезең президенті басқаратын Сирия армиясының әлсіз екенін мәлімдеп, оны «ресми киімдегі лаңкес» деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі Нафтали Беннет сейсенбі күні кешке саяси шолушы Марио Ноуфалға берген сұхбатында Сирияның өтпелі кезеңдегі президенті Әбу Мұхаммед әл-Джуланиге тоқталып: «Қазіргі уақытта оның армиясы әлсіз, бірақ ол өзін жақсы әрі бейбітсүйгіш етіп көрсеткісі келеді. «Әш-Шарааның армиясы қайта қаруланып, қайта жасақталып жатыр. Олар күш жинап, уақыты келгенде қайта соғысады. Оның жуырда ғана аңғартқан идеологиясы өте жаман», -деді.
Әбу Мұхаммед әл-Джулани жақында сионистік режимнің Сирия жерін бейберекеттік алаңына айналдыруға, сондай-ақ қақтығыстар мен жанжалдарды тұтандыруға тырысып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл әрекеттердің басты мақсаты — елді бөлшектеу және мемлекетті қайта қалыпқа келтіру жолындағы күш-жігерді ыдырату. Нафтали Беннет: «Әш-Шарааға қатысты мен өте сақ болар едім. Оның кім екенін жақсы білемін. Бұл адам – қаныпезер, лаңкес. Ол өте көп адамды өлтірді. Мен ешқашан ешқашан деп айтпаймын, бірақ менің негізгі пайымдауым — ол ресми киімдегі лаңкес. Бұл жолы олай еместігін дәлелдеу — оның өз міндеті. Уақыт бәрін анықтайды», -деді.
Сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі Түркия мен осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоғанның саясатына тоқталып: «Түркиямен қарым-қатынас күрделі. Мен бұл елге үлкен сеніммен қараймын. Бірақ Ердоғанды үлкен апат деп есептеймін. Меніңше, ол радикалды ислам идеологиясын ұстанады және Израильді жек көреді. Ол Израильді жер бетінен жойып жібергісі келеді. Бірақ мен бұл мәселеден аттап өтемін. Мен ізгі ниет танытатын немесе парасатты ерік-жігері бар кез келген адаммен сөйлесуге ашықпын»,-деді.



















