АҚШ президенті Дональд Трамп Нетаньяхумен телефон арқылы сұхбтында Израиль әскерін Сирия мен Ливаннан шығаруды талап етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сұхбатында Израиль әскерін Сирия мен Ливан аумағынан шығаруды талап етіп, Израильдің бұл елдердегі әскери қатысуын аймақтағы шиеленісті күшейтетін фактор деп атады.
Бұл туралы Axios порталы дереккөздеріне сілтеме жасап жазды. Басылымның америкалық және израильдік дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, бұл жөнінде Дональд Трамп Биньямин Нетаньяхумен сөйлескен кезінде айтып, оған Израиль армиясының Сирияда қалуы шиеленісті ушықтырып, аймақтағы жағдайды одан әрі тұрақсыздандыруы мүмкін екенін ескерткен.
Америкалық дереккөздің айтуы бойынша, Трамп Сирия аумағында Израиль күштерінің болуына қарсы екенін және олардың шекараға қарай шегінуі керектігін мәлімдеген. Дереккөздің сөзінше, АҚШ президенті Израильдің Ливандағы әскери қатысуына қатысты да дәл осындай ұстанымда болған. Израиль Премьер-министрінің кеңсесі таратқан ресми мәлімдемеге сәйкес, Нетаньяху сұхбат кезінде шекара маңында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін буферлік аймақтар құрудың маңыздылығын атап айтқан.



















