Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани британдық әріптесі Джонатан Николас Пауэллмен ядролық бағдарлама мәселесін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани мен Ұлыбританияның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джонатан Николас Пауэлл сәрсенбі, 3 қыркүйек күні телефон арқылы сұхбаттасты.
Тараптар сұхбат барысында ядролық бағдарлама және Еуропаның Иранға қарсы қолданамыз деп қорқытқан Snapback механизмін талқылады.
Әли Лариджани мен Джонатан Николас Пауэлл әңгіме барысында ядролық бағдарлама мәселесін келіссөз арқылы шешу бойынша пікір алмасуды жалғастыру туралы уағдаласты.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани сейсенбі күні X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында Америка Құрама Штаттарымен келіссөздерге апаратын жолдың ашық екенін жазды.



















