Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Путинге Ислам революциясының жетекшісі Хаменеидің жолдауын табыс етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани қазанның 15-і күні кешке Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде оған Ислам революциясының жетекшісі Әли Хаменеидің жолдауын табыстады.
Тараптар кездесуде екіжақты мәселелер мен экономикалық, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты талқылады.
Айта кетейік, Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани кеше Ресейге бір күндік сапармен барды.
Еске салайық, Әли Лариджани мұның алдында Путинмен биылғы шілде айында Ресейде кездесті.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ирандық саясаткер Иран басшылығының Таяу Шығыс пен Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі шиеленіскен жағдайға берген бағасын жеткізгенін айтты.












