Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Уганда Президенті Йовери Кагута Мусевенимен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи «Қосылмау қозғалысына» мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Уганда Президенті Йовери Кагута Мусевенимен кездесті.
Иран Сыртқы істер министрі кездесу барысында Уганда Президентімен екіжақты қарым-қатынас және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Арақчи Иран Ислам Республикасының Африкамен қарым-қатынасын нығайтуға баса мән беретініне тоқталып, Угандамен экономикалық, ауылшаруашылық және сауда салаларындағы қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екенін қуаттады.
Сондай-ақ, Иран Сыртқы істер министрі Уганданың Израиль режимінің Иранға қарсы әскери басқыншылығын айыптаудағы принципті ұстанымын жоғары бағалады.
Йовери Кагута Мусевени Уганда мен Иранның өзара сыйластық пен игіліктерге негізделген ежелден келе жатқан қарым-қатынасына қанағаттанушылық білдіріп, Иранмен қарым-қатынасты нығайтудағы табандылығын қуаттады.
Айта кетейік, Аббас Арақчи Уганда астанасы Кампала қаласында «Қосылмау қозғалысының» Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысты.
2024–2027 жылдар аралығында «Қосылмау қозғалысына Уганда Республикасы төрағалық етеді.


















