Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін, 30 қарашада Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сұхбатта Сириядағы жағдай жайлы сөйлесті.
Еуразия Тудейдің Ресей СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша сұхбаттың тақырыбы Сириядағы жағдайға арналды.
Екі елдің министрлері Алеппо және Идлиб провинцияларындағы әскери эскалацияның шиеленісуіне байланысты Сирия Араб Республикасындағы жағдайдың қауіпті дамуына елеулі алаңдаушылық білдірді.
Ең алдымен Астана форматының әлеуетін пайдалана отырып, Сирия Араб Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру қажеттігі расталды.
















