Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Батыстың Ресей, Иран және Қытайды Сирия мәселесін реттеуде сыртқы қолдау көрсету үдерісінен шеттетуге тырысып жатқанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Сергей Лавров сейсенбі күні «Валдай» халықаралық пікірталас клубында өткен Таяу Шығыстағы 14-ші конференцияда сөйлеген сөзінде: “Батыс бұл саясатты белгілеп, шын мәнінде бәсекелестерін екінші орынға ығыстыру жоспарын жасауда.
Ахмед аш-Шара бастаған Сирияның жаңа билігі мен осы құрылымның бір бөлігі болған топтар арасында жақсы диалог пен өзара түсіністік болған жоқ. Сирияның жаңа Үкіметі кейбір қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Соның ішінде Сирияның ішкі диалогы жақсы жүріп жатқан жоқ.
Сондай-ақ, геосаяси артықшылықтарға ұмтылмай, Сириядағы сындарлы ұлттық диалогты ілгерілету қажет. Жаңа Үкімет Сирия халқының болашағын ойлауы керек.
Мәскеу ХАМАС пен Израиль арасындағы келісімді жүзеге асыруда қиындықтар туындайтыны туралы сигналдар алуда”,- деді.



















