Ливан Премьер-министрі Наваф Салам жуырда Сирияға сапармен барып, осы елдің басшысы Абу Мохаммад әл-Джуланимен кездесетінін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Наваф Салам Сирияға елінің саяси және қауіпсіздік саласының тұлғаларынан тұратын делегацияны бастап барады.
Наваф Саламның айтуы бойынша әл-Джуланимен кездесуде екі елді толғандыратын мәселелер туралы сөйлесіп, пікір алмасты.
Мұның алдында Ливан мен Сирияның Қорғаныс министрлері наурыздың 28 күні Арабстанның Джидда қаласында отырыс өткізді.
Соңғы бірнеше күнде екі елдің ортақ шекараларында, әсіресе Сириядан лаңкестердің әрекеттеріне байланысты шиеленіс пен қарулы қақтығыстар болды.
Наваф Салам – 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап Ливан премьер-министрі.
2024 ж. 6 ақпан – 2025 ж. 14 қаңтар аралығында БҰҰ Халықаралық Соттың Төрағасы, 2007-2017 ж.ж. Ливанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметтерін атқарған.












