Eurasiatoday
Суббота, 28 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Ливанның оңтүстігінде әскери шиеленіс күшейе түсті

  • Батыс Азия, Саясат
  • 18 сентября, 2026 11:46

Loading

Ливанның оңтүстігінде әскери шиеленіс пен гуманитарлық жағдай өткен аптада күрт нашарлады.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл жағдай «Хезболла» қозғалысын қаруландыру жөніндегі ішкі саяси пікірталас және дағдарыстан шығуға бағытталған дипломатиялық қысыммен тұспа-тұс келді.

Әскери қақтығыстар және гуманитарлық ахуал

Тақырыпқа орай:

Үш елдің СІМ-лері Маскатта «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін талқылады

Үш елдің СІМ-лері Маскатта «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін талқылады

18.11.2026

Израиль армиясы 7 қыркүйек күні Ливанның оңтүстігіндегі Дейр-эз-Захрани тұрғындарына аймақты дереу эвакуациялау туралы ескерту жасап, кейін әуе шабуылын ұйымдастырды.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5–7 қыркүйек аралығында 27 адам қаза тауып, 69 адам жараланған.

Ливан армиясы Израильдің маусым айынан бері атысты тоқтату режимін шамамен 7 700 рет бұзғанын мәлімдеді. Ал БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері (UNIFIL) маусым айының соңынан бері алғаш рет «Хезболла» қозғалысының ұшырылған снарядты тіркеді.

Парламенттегі «Хезболла» қозғалысы қаруына қатысты пікірталас

Ливан Парламенті премьер-министр Наваф Салам Үкіметіне қайта сенім білдірді. Дауыс беру кезінде 68 депутат үкіметті қолдаса, 12 депутат қарсы шықты.

Негізгі талқылау «Хезболла» қозғалысының қаруы және оның Ливанды соғысқа тартудағы рөлі төңірегінде өрбіді. Премьер-министр мемлекет елдің бүкіл аумағындағы егемендігін қамтамасыз етпейінше, тұрақты бейбітшілік орнамайтынын баса айтты. Оның пікірінше, соғыс пен бейбітшілік мәселесі тек мемлекеттің құзырында болуы тиіс. Алайда бұл ұстанымға «Қарсыласуға адалдық» парламенттік блогының депутаты Әли Аммар үзілді-кесілді қарсылық білдірді.

Президент пен Үкіметтің ұстанымы

Ливан Президенті Жозеф Аун 16 қыркүйекте AFP агенттігіне берген сұхбатында Израильмен бейбітшілікке жол ашатын қауіпсіздік келісіміне қол жеткізгісі келетінін айтты. Сонымен қатар Аун «Хезболланы» қарусыздандыру мәселесін қақтығыссыз шешуге бел байлағанын және бұл шешім келіссөзге де, талқылауға да жатпайтынын мәлімдеді.

Дипломатиялық тығырық

Римдегі келіссөздердің сегізінші кезеңі қазан айына шегерілді. 16 қыркүйекте Ливан мен Израильдің АҚШ-тағы елшілері де кездесіп, келіссөз жүргізді. Алайда АҚШ-тың бұрынғы ресми өкілі Дэвид Шенкердің пікірінше, Израильдегі қазан айындағы сайлауға дейін екі тарап арасында негіздемелік келісім жасалуы екіталай.

Саяси өзгерістер бағыты

Қазіргі саяси үдерістің басты мақсаты — мемлекет билігін күшейту және «Хезболла» қозғалысын кезең-кезеңімен қарусыздандыру. Жозеф Аун мен Наваф Салам Үкіметі АҚШ пен Сауд Арабиясының қолдауымен бұл ұйымды жеке қарулы құрылымнан қарусыз саяси партияға айналдыруға тырысып жатыр.

Ал «Хезболла» қозғалысы Израиль әрекеттеріне қарсы тұруды басты міндет санап, өзінің қаруын саяси қысым құралы емес, елді қорғаудың қажеттілігі ретінде түсіндіреді.

Экономикалық дағдарыс пен қоғамдық наразылық

Саяси текетіреспен қатар, елде экономикалық ахуал да ушығып барады.

Бейрутта банк салымдарын қайтаруды талап еткен азаматтар наразылық акциясына шығып, қауіпсіздік күштерімен қақтығыс орын алды.

Әскери зейнеткерлер Рияд ас-Солх алаңында шатыр тігіп, 2027 жылғы бюджетке қарсылық білдіріп, жолдарды жапты.

Премьер-министр Наваф Саламның айтуынша, Ливандағы екі соғыс елге 20 миллиард доллардан астам шығын келтірген. Сонымен қатар, Ливан экономикасы өткен жылы 4,2 пайызға өскенімен, биыл 6,4 пайызға қысқарған.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Әскери шиеленісЛиванХезболлаЭкономика
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Үш елдің СІМ-лері Маскатта «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін талқылады

Үш елдің СІМ-лері Маскатта «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін талқылады

18.11.2026
Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

16.11.2026
Исламабадта ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды

Исламабадта ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды

16.11.2026
Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

28.10.2026
Еуропа елдерінде қыс түскенде жаппай наразылық күшеюі мүмкін

Еуропа елдерінде қыс түскенде жаппай наразылық күшеюі мүмкін

23.10.2026
АҚШ-тың Орталық Азиядағы экономикалық ықпалы Ресей мен Қытайдан әлдеқайда төмен

АҚШ-тың Орталық Азиядағы экономикалық ықпалы Ресей мен Қытайдан әлдеқайда төмен

21.10.2026
Иран: АҚШ-тың экономикалық қысымы сәтсіздікке ұшырайды

Иран: АҚШ-тың экономикалық қысымы сәтсіздікке ұшырайды

08.10.2026
Иран теміржол желісін туристік арнаға көшіріп жатыр

Иран теміржол желісін туристік арнаға көшіріп жатыр

21.09.2026
Пезешкиан: Әлем ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр

Пезешкиан: Әлем ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр

12.09.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иран үш жерсерігін бір уақытта ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр

Иран үш жерсерігін бір уақытта ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.