Беларусь Президенті Александр Лукашенко 20 ақпанда ұлттық қауіпсіздік жүйесінің мемлекеттік органдарының басшылық құрамымен кеңес өткізді.
Беларусь Президентінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша Лукашенко сөзінің бір бөлігінде: «Бізге соғыс қажет емес, сондықтан біз оған менталды және стратегиялық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Осы сәттің маңыздылығын түсінуге келетін болсақ, жаһандық қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу мүмкіндігі туралы барлық иллюзияны жоққа шығарайық. Халықаралық құқық та шиеленісті басуға қауқарсыз», — деді.
Оның айтуынша, ұжымдық Батыстың көзқарасы масқара болатындай қарапайым: олар өздерімен бірге болмағандарды күшпен алады.
Беларусь басшысы: «Сылтаумен немесе сылтаусыз маңызды емес, халықаралық ұйымдардың беделі толығымен жойылды. Кейбіреуінің платформалары белгілі бір елдердің мүдделеріне қызмет ету үшін ашық түрде пайдаланылады. Беларусь олардың қатарына кірмейді» деді.
Лукашенконың айтуынша, соңғы онжылдықтарда өзін толықтай қауіпсіз сезінетін бірде-бір ел мен халық жоқ. Әскери күш қайтадан әлемдік мәселелерді шешу орталықтарының басты дәлеліне айналды.
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың миллиондаған шығыны мен сұмдықтары болмағандай. Қазір үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын ала ескертуі деп аталатын ақпараттық толқын басып жатыр. Қорқатын да негіз бар.

















