АҚШ тұтқындап, ұрлап кеткен Венесуэла президенті Николас Мадуро Манхэттен Сотынан Трамп әкімшілігінің есірткі саудасына қатысты айыптауларын алып тастауды сұрады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Николас Мадуро Вашингтонның әрекеті оның заңды қорғану құқығын бұзып отырғанын мәлімдеді.
Мадуроның заңгерлік тобы бейсенбі, 27 ақпан күні АҚШ үкіметі активтерді бұғаттап, Венесуэла билігіне Президент пен оның әйелінің сот шығындарын төлеуіне кедергі келтіруіне байланысты іс тоқтатылуы керек деп мәлімдеді.
Мадуроның қорғаушысы Барри Поллак Манхэттендегі федералды Сотына Вашингтонның бұл активтерді бұғаттау арқылы Мадуроның қорғаушы жалдау мүмкіндігіне, яғни оның Конституцияның Алтыншы түзетуіне сәйкес өз қалауы бойынша қорғаушы таңдау құқығына кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді.

















