Мәскеу Вашингтон мен Тегеран арасындағы ядролық келісім бойынша алдағы келіссөздерді толығымен қолдайды.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко мәлімдеді.
Руденко Мәскеудің сонымен қатар бұл үдерісті жеделдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін мәлімдеп: «Қалай болғанда да диалог жалғасуда. Біз омандық достарымызға арағайын рөлінде сәттілік тілейміз. Сондай-ақ, біз көмек қолын созуға дайынбыз», — деді.
Мұның алдында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі шиеленісті азайтуға бағытталған АҚШ пен Иран арасындағы Оманда сенбі күні өтетін диалогты құптайтынын айтқан.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф сенбі күні Оманда Иран мен АҚШ арасында жанама келіссөз өткізеді.
уразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран СІМ Сейед Аббас Арақчи Х платформасында: «Иран мен АҚШ сенбі күні Оманда жоғары деңгейдегі жанама келіссөздер үшін Оманда кездеседі. Бұл бір мүмкіндік, бір сынақ. Доп Американың жерінде», — деп жазды.













