Адамзат тарихындағы алғашқы «Атом саммиті» Мәскеуде өтеді.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша «Атом саммиті» адамзат тарихында алғаш рет 25 қыркүйекте Мәскеуде өтетінін журналистерге «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев мәлім етті.
Росатомның бас директоры Ресей атом өнеркәсібінің 80 жылдығына арналған іс-шаралар бағдарламасы туралы сұраққа жауап бергенде: «Президент толық мақұлдады. 25 қыркүйекте [Мәскеуде] бірінші атом саммиті өтеді», — деді.
Лихачевтің айтуынша, саммит барысында Ресей Федерациясының Президенті, бірқатар ұлттық көшбасшылар, мемлекет және үкімет басшылары атомдық технологиялар мәселелерін талқылайды. Росатомның бас директоры: «Біз де мұны бүкіл ядролық отбасымызбен күтеміз. Санкциялардың бұлттары мен найзағайына қарамастан, біз бірлікті сақтаймыз. Тіпті, АҚШ, Франция, Германия сияқты атышулы дос емес елдердің өкілдері бізге қазір бәрі сейіліп, бәрі жақсы болатынын айтуда», — деді.












