Американың Сыртқы байланыс кеңесінің (CFR) төрағасы Майкл Фроман Трампқа Иран соғысының батпағына батпауға кеңес берді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Майкл Фроман АҚШ-тың 2026 жылғы Ұлттық қорғаныс стратегиясына жасаған талдауында Иранмен қақтығысу бұл құжаттың негізгі ұстанымдарына қайшы келетінін ғана емес, сонымен қатар Америка Құрама Штаттары үшін нағыз батпаққа айналуы мүмкін екенін баса айтты.
Американың Сыртқы байланыс кеңесінің төрағасы өзінің сараптама мақаласында АҚШ-тың 2026 жылғы Ұлттық қорғаныс стратегиясын түсіндіріп, Трамп әкімшілігі ресурстардың тапшылығына байланысты әскери мүмкіндіктерін Батыс жарты шарында үстемдікті сақтауға бағыттауды көздеп отырғанын айтады. Бұл бағытта Иранмен кез келген қақтығыс стратегияның негізгі мақсаттарына қайшы келіп, Трамп оған ешқашан түскісі келмейтін батпақ қалыптастырады.
Қуат ресурстарының тапшылығы нәтижесінде периферияға назар аудару
Форман АҚШ-тың 2026 жылғы Ұлттық қорғаныс стратегиясының негізгі тезисі үш бөлімнен тұратынын түсіндіреді:
- АҚШ ресурстардың қатаң шектеулі жағдайында өзінің жаһандық әскери орналасуын рационализациялауы тиіс;
- Қалған ресурстардың үлкен бөлігі негізгі аумақ отанды қорғауға және Батыс жарты шарындағы үстемдікке бөлінуі керек;
- АҚШ-тың басқа аймақтардағы, әсіресе Еуропа мен Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы одақтастары мен серіктестері өздерінің ұжымдық қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік алады деп күтілуде.
Иранмен толыққанды соғыс қаупі және АҚШ көтере алмайтын шығындар
Форман әрі қарай мынадай “Құрылымдық басымдықтарға негізделген стратегия халықаралық амбициялары жоғары және бүкіл әлемге араласуға бейім Президентпен бірге өмір сүре ала ма?” деген сұрақ қойып: Бұған айқын мысал — «Иран»”, — дейді.
Сыртқы байланыс кеңесінің төрағасы Иранға қатысты оқиғалардың хронологиясын келтіріп, Трамптың алдымен әлеуметтік желілерде Иранға сес көрсетіп, оған қарай үлкен әскер жібергенін ескерткенін айтады. Алғашында оның қоқан-лоқылары тікелей Иранның ішкі істеріне араласуды меңзегенімен, қазір бұл талаптар келіссөз үстелінде әділ және парасатты келісімге қол жеткізуге шоғырланған.
Ол Трамптың Ираннан үш нақты талабы бар екенін баса айтады:
Уран байытуды толық тоқтату және бар қорды жою;
Баллистикалық зымырандарды шектеу;
«Қарсыласу өсіне» қолдау көрсетуді тоқтату.
Бірақ сонымен бірге, Форман Иранның әскери қатер немесе кез келген жағдайда бұл талаптарды орындамайтынын және ауыр шығынмен сақтап қалған ықпал ету тетіктерін ешқашан бермейтінін ескертеді.
Иран — стратегиядағы сынақ емес, ерекше жағдай
Форманның айтуынша, Трамп «Авраам Линкольн» авиатасығыш тобын Оңтүстік Қытай теңізінен Таяу Шығысқа ауыстыру туралы бұйрық беру арқылы өз сесін күшейтті. Иранды Венесуэламен салыстыра отырып, ол әлі де Ирандағы билікті ауыстыруға ниетті екенін көрсетуге тырысуда. Алайда, Форман Иранның Венесуэла емес екенін және кез келген ықтималды шиеленіс Трамп әрқашан одан аулақ болуға тырысқан ұзақ мерзімді қақтығыстарға әкеп соғуы мүмкін екенін мойындайды.
Сондықтан Форманның пікірінше, Иран 2026 жылғы стратегия үшін сынақ емес, керісінше, одан тыс тұрған ерекше жағдай.
Трамп АҚШ-тың Еуропадағы немесе Үнді-Тынық мұхитындағы позициясына шұғыл қауіп төніп тұр деп санамайды, сондықтан авиатасығышты Оңтүстік Қытай теңізінен шығарды. Бірақ ол бұл аймақтағы жағдайдың тұрақтылығына да сенімді емес. Демек, ол Иранға қатысты кез келген жағдайда батпақтан қашатын жолды таңдауға мәжбүр.
Қорытындылай келе, Форман Тегеранның бұл жағдайдан жақсы хабардар екенін айтады. Сондықтан Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи өткен аптада толық ауқымды қақтығыс өте қатыгез болатынын және ол Израиль мен оның сенімді өкілдері Ақ үйге сатқысы келетін қияли уақыт кестелерінен әлдеқайда ұзаққа созылатынын ескертті.














