Франция Президенті Эмманюэль Макрон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы хабарласты.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 23 тамызда Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.












