Халықаралық қатынастар кеңесінің сараптама орталығы Иран мен Америка арасындағы жанама келіссөздердің бірінші кезеңі туралы жазбасында келіссөздердің осы кезеңінде Иранның айқын жеңімпаз болғанын қуаттады.
Америкалық сараптама орталығы материалдында: “Сәуірдің он екісі, сенбі күні Масқатта Оман Сыртқы істер министрінің арағайындығымен Тегеран мен Вашингтонның ядролық тақырыптағы келіссөздері басталды. Келіссөздердің бірінші кезеңінің Иранның пайдасына аяқталғаны айқын.
Біріншіден, Америка тікелей келіссөздерді сұрады. Алайда Иран келіссөздердің жанама өткенін қалады. Омандағы келіссөздер жанама болды. Америка өкілі Стив Уиткофф пен Иран СІМ Аббас Арақчи арасында сәлемдесу мен қол алысудан артық ештеңе болмаған сияқты.
Екіншіден, Омандағы келіссөздер тақырыбы тек ядролық бағдарламаға, 2015 жылғы Барак Обаманың билігі кезіндегі ядролық келісімге, үнемі сын айтылатын «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасына ғана арналды. Иранның зымырандық бағдарламасы мен осы елдің аймақтағы топтарды қолдау мәселесін қамтыған жоқ. Бұл Иран қалағанның нақ өзі.
Үшіншіден, АҚШ ең басынан өзін әлсіз көрсетіп, Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату мақсатынан бас тартқан сияқты көрінеді.
New York Times газеті жазғандай, Трамп пен Уиткофф Трамп Үкіметінің жауапты тұлғаларының келіссөз басталмай тұрып, “Иран өзінің ядролық бағдарламасын толық тоқтатып, сонымен қатар зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы топтарды қолдауын қойсын” деген қатаң талаптарына қарамастан, олардың негізгі мақсаттары Иранның ешқашан ядролық қару жасай алмайтындығына кепіл болу екенін көрсетті.
Нью-Йоркте орналасқан орталық: “Уиткоффтың келіссөздерінің тәсілдерін түсіну қиын” деп жазып, Омандағы келіссөздерден тура бір апта бұрынғы Wall Street Journal газетіндегі сұхбатында оның былай деп айтқан сөзіне сілтеме жасады: “Біздің бүгінгі ұстанымымыз — Иранның ядролық бағдарламасын жою. Алайда бұл екі ел арасында бітім жасау үшін басқа жолдарды таба алмаймыз дегенді білдірмейді. Бұл біздің қызыл сызығымыз болатын жерде сіздердің ядролық әлеуеттеріңіз қару бола алмайды дегенді білдіреді. Алдын ала айтылған басымдылықтың анықтамасы мынадай: “Бұл менің түпкілікті мақсатым. Бірақ, егер сіздер оны ұнатпасаңыздар, мен басқа біреуін табамын”.
Егер Уиткоффтың мақсаты АҚХА-не Иранның ядролық бағдарламасын тексеруге мүмкіндік беретін келісім жасау болса, Иран Хамас, Хезболла және Йемендегі Ансаролла сияқты аймақтық топтарға қолдауын жалғастыра береді. Иранға ұзағырақ радиустағы зымырандарын дамытуды жалғастыруға мүмкіндік берілетін болса, бұл ел “Ортақ қадам” жан жақты бағдарламасын қалайды.
Президент Трамп дәл осы себептерге байланысты 2018 жылы “Ортақ қадам” жан жақты бағдарламасынан біржақты түрде шығып, Иранмен жасаған ядролық келісімді Америка Құрама Штаттары жасаған ең нашар және біржақты келісімдердің бірі деп атады.
Сыртқы байланыс кеңесі мақаланың соңғы бөлімінде: «Трамп “Ортақ қадам” келісімінен шыққаннан кейін бүгінде оның Иранмен жаңа келісім жасау талаптары ұмытылып бара жатқан сияқты» деп қуаттап, Трамп әкімшілігіне “Ортақ қадам” келісімінен артығырақ келісімге қол жеткізуге қысым көрсету үшін өз құралдарын пайдалануға кеңес берді.













