Пәкістан министрі Қазақстанға теңіз инфрақұрылымын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша ПИР Теңіз істері министрі Мұхаммад Джунайд Анвар Чоудри бұл туралы Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафинмен кездесуде айтты.
Қазақстандық дипмиссия басшысы Ержан Қыстафин Пәкістан министріне ПИР теңіз порттары тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін транзиттік хаб ретінде қызмет ете алатынын, Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ететінін ерекше атап айтты.
Өз тарапынан федералды министр көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюға қажетті жәрдем көрсетуге дайын екенін білдіріп, айтылған ұсыныстарды қолдады.
Қазақстанның көлік секторы мамандары тобының Карачи, Қасым және Гвадар теңіз порттарының инфрақұрылымымен танысу үшін Пәкістанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар өңіраралық кооперацияны екіжақты деңгейде ғана емес, сонымен қатар көпжақты форматта дамытуға ықпал ететін мультимодальды көліктік-логистикалық дәліздерді құру және әртараптандыру қажеттілігі туралы жалпы пікір білдірді.













