Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан мұсылмандар арасындағы бірлікті нығайту қажеттігін қуаттады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Масуд Пезешкиан ислам дұшпандары мұсылман елдерінің арасына іріткі салуды көздеп отырғанын баса айтты.
«Бүгінгі таңда қарсыластар мұсылмандар арасына алауыздық орнатуға тырысып жатқан кезде, біз тек ел ішінде ғана емес, ислам әлемінде де бірлікті сақтауға және нығайтуға ұмтылуымыз керек. Егер біз өзіміз алауыздық тудыра бастасақ, ең жаманы сол болуы мүмкін. Неліктен бүгін Ауғанстан мен Пәкістан арасында мәселе болуы керек?» деді.
Айта кетейік, бұл туралы Иран Президенті бейсенбі күні Исфаханда өткен «Құтқару жолы» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде айтты.












