Бүгін, дүйсенбі, 1 шілдеден бастап Мажарстан 2024 жылдың соңына дейін Еуропалық Одақты басқарады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Будапешт мұның алдында «Еуропаға бұрынғы ұлылығын қайтарайық» немесе «Еуропаны қайтадан ұлы етейік!» ұранымен төрағалық ету жоспарларын жариялады.
Мажарстан алдағы алты айға басымдықтарды ұсынып: «Мажарстан шын мәнінде күшті Еуропаның бейбітшілігі, қауіпсіздігі және гүлденуі үшін мүше мемлекеттер мен еуропалық институттар арасындағы шынайы ынтымақтастық рухында адал арағайын ретінде жұмыс істейді», — деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық алты ай сайын 27 мүше мемлекеттің бірінен екіншісіне ауысып отырады.
Мажарстанның алдында бұл қызметті Бельгия атқарды. Мажарстан енді алты ай бойы Брюссельдегі маңызды кездесулерге төрағалық етіп, ЕО-ның саяси күн тәртібін қалыптастырып, 2024 жылдың желтоқсан айының соңында эстафетаны Польшаға тапсырады.












