Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев АҚШ-тың Иранның ядролық үш нысанына жасаған шабуылындағы он салдарды атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев өз мақаласында АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған басқыншылық әрекеттерінің Америка үшін кері әсерін қарастырды.
Ол былай деп жазды: «Америкалықтар Ирандағы ядролық үш нысанға жасаған шабуылдарымен қандай нәтижеге қол жеткізді?
1. Иранның ядролық отын циклінің маңызды инфрақұрылымдарына нұқсан келмеген немесе ішінара ғана зақымдалған сияқты.
2. Ядролық материалды байыту жалғасады.
3. Бірқатар ел Иранға ядролық оқтұмсықтарын тікелей беруге дайын.
4. Израильге шабуыл жасалды. Жарылыстар осы елді дүр сілкіндірді, халық дүрбелеңге салынды.
5. Америка Құрама Штаттары жаңа қақтығысқа енді.
6. Иранның саяси жүйесі шабуылдан аман қалып, бұрынғыдан да күштірек болуы мүмкін.
7. Адамдар елдің рухани басшылығының маңында, соның ішінде бұрын немқұрайлы болған немесе жүйеге қарсы болғандар біріге бастады.
8. Кезінде «Бейбітшілік президенті» деп мақталған Дональд Трамп енді Америка Құрама Штаттарын тағы бір соғысқа тартты.
9. Әлем елдерінің басым көпшілігі Израиль мен Америка Құрама Штаттарының әрекеттеріне қарсы.
10. Осындай табысқа қол жеткізген Трамп номинацияның сатылатындығына қарамастан, енді Нобель сыйлығын ешқашан көрмейді. Жақсы бастама, құттықтаймын, Президент мырза!












